Елін әнмен тербеткен
Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай №19 кітапхана «Елін әнмен тербеткен» -атты өнер кешін оқырман назарына ұсынады. Күміскөмей әнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері, Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Роза Тәжібайқызы қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес үлес қосқан тұлға, оның репертуарында қазақтың халық әндері ,әлем халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты.Роза апамыздың өнер жолы шын мәнінде ерлікпен пара-пар.Жайдары мінезімен, жарасымды күлкісімен Кеңес Одағының түпкі –түпкіріндегі халықтардың жүрегіне шуақ дарытты.







