» » Рухани жаңғыру–ой сананың кемелденуі

Рухани жаңғыру–ой сананың кемелденуі

     Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1кітапхананың ұйымдастыруымен №11  мектеп – лицейінің  11 сынып оқушылары және ұстаздары арасында   «Рухани жаңғыру –ой сананың кемелденуі»   атты   пікір талас   өткізілді.  Ұлттық сананы жаңғырту,  ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, еліміздің игілігіне  жарату мақсатындағы  бағдарламаның  басты  басым бағыттары айтылып жалпы түсінік берілді.
     Шара барысында ой-пікірлерін ортаға салған жастар бірінші міндет терең білім алу, ұлттық мүддені  бірінші орынға  қоя отырып,  ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін  парасатты да салиқалы азамат ретінде қалыптасу деген ортақ тұжырыммен  шараны қорытындылады.

 
03 ақпан 2022 ж. 803

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам