2022-Балалар жылы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхана 2022-Балалар жылына орай кітап қорына жаңадан түскен балалар әдебиетінен виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
Шарада төл тарихымыздан Г.Шойбекованың «Тұғрылханның көк туы», К.Ыбрайұлының «Шуақ» кітабы бойынша жаңылтпаштар жинағын, Ә.Файзуллаұлының «Өтірік айтпайтын күн», Ә.Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» қызықты кітаптарымен таныстыра отырып жас оқырмандар оқуына ұсынылады.







