Мақтан тұтар ұлы тұлға
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 Абай ауылдық кітапханада Ақжайықтан Алтайға дейінгі алқапты алып жатқан өңірдің қойнауындағы қазынасын халық қажетіне жарата білген ғалым қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Қаз.КСР ғылым академиясының академигі Шаһмардан Есеновке арналған «Мақтан тұтар ұлы тұлға « атты онлайн танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Сыр елінің топырағында дүниеге келіп,елі үшін қалтықсыз еңбек етіп, келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырған қайраткердің өмір жолымен таныстыру.







