Цифрлы Қазақстан
«Цифрлы Қазақстан»
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16кітапхана «Цифрлы Қазақстан» атты танымдық сағатын онлайн форматта оқырман назарына ұсынады.
Қазіргі таңда ІТ саласы дүниежүзі бойынша айрықша сұранысқа ие. Осыған орай дамыған елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге ойысып, өнеркәсібінің дамуына, халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартуына жағдай жасап келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2017 жылдан бастау алған. Шара барысында кітапханашы осы бағдарламаның негізгі мақсаты, 5 G технологиясы жайлы мәліметтер берді. Шараның мақсаты: Оқырмандарға «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, оның мақсаты туралы мәліметтер беру.







