Кітаптар мекені
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 Балалар кітапханада 2022- Балалар жылына орай «Кітаптар мекені» атты ашық есік күні Абылайхан атындағы №140 мектептің 4 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Жас оқырмандар кітапхана бөлімдерімен таңысып, кітапхана қорындағы ашылмалы кітаптарға, «Даналық әліппесі» атты иновациялық сөйлейтін қаламға, «Менің Отаным –Қазақстан» атты әдеби-көркем басылымға ерекше қызығушылық танытты. Шара барысында К.Қуаныш, А.Утегенова, І.Ержанқызы қазақ ақындарының өлендерін жатқа айтып, Е. Әбдібек, Б.Дәулетбай үш бидің нақыл сөздерін айтып берді. Қалалған кітаптарын оқуға алған балалар кітапханаға оқырман ретінде тіркелді.







