Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы
№1 кітапханада Ұлы Отан Соғысы кезінде тылда еңбек еткен, қазіргі таңда соғыс ардагерлерімен теңестірілген Жәлиев Базарбай ақсақал мен кенттің бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Тобақабылов Олжабаймен «Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы» тақырыбындағы кездесу кеші Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушылар қатысуымен өткізілді.. Шара барысында кеш қонағы Жәлиев Базарбай ақсақал соғыс кезіндегі еңкейген қариямен еңбектеген баланың жеңісті жақындату жолындағы жанкешті еңбегі, «бір дән жауға атылған оқ» деген ұранмен жұмыс жасаған халықтың ерлігі туралы естеліктер айтты. Кеш барысында «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбындағы кітап көрмесі жасалып, тарихи бейне роликтер көрсетілді.










