Шаршы тақта тартысы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапханада «Шаршы тақта тартысы» атты спорт сағаты өткізіліп, оқырмандарға шахматтың ойынының негізгі ережелері жайлы мағлұмат берілді.
Шахмат адамның ойлау қабілетіне қолайлы спорттық ойынның әлемге кең тараған түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах және мат) өлді деген мағынаны білдіреді. Шахмат ойын тақтасынан тұрады . Ойын тақтасы 64 шаршыны құрайды.Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты – қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Шара барысында №222 мектеп оқушылары Болатбек Айсұлу, Гүлсезім, №253 мектеп оқушылары Сұлтанбек Шапағат, Шағанбек Санжар шахмат ойнап жақсы ойын көрсетіп, ойын барысында жастардың математикалық қабілеттіліктеріндегі қайраттылық, табандылық, намысқойлық сынды қасиеттері, сондай-ақ жеңіске жетуге деген құштарлықтары байқалды.







