Алаштың ақиық ақыны -Мұқағали

     Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 Белкөл кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «Алаштың ақиық ақыны -Мұқағали» атты онлайн поэзия сағатын оқырман назарына ұсынады.
     Қалың қазақтың махаббатына бөленген бақытты ақындардың бірегейі Мұқағали Мақатаев тұтас дәуірге жүк болардай мұра қалдырған ақын. Өлеңдерін еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін сүйіп оқиды. Шара барысында  ақын шығармашылығы мен өмір жолы кеңінен таныстырылып,   кітапхана оқырманы Бектай Ұлықбек  ақынның «Жоқ, дәрігер» атты өлеңін жатқа оқыды. Ақынның «Жүректесін» өлеңіне видеоролик жасалынып, әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграмм) жүктеліп, кітапхана оқырмандарын М.Мақатаевтың өлеңдерін оқуға шақырды.
    Мақсаты: кітапхана оқырмандарын М. Мақатаевтың поэзиясының кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, ақын шығармашылығын оқырман назарына ұсыну.

09 ақпан 2022 ж. 658

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам