Нан – ел байлығы
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы «Нан – ел байлығы» атты онлайн таным сағатын оқырман назарына ұсынады.
Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйым сөздер.
Шараның мақсаты: Нанды қадірлеп-қастерлеуге дағдыландыру, нанның дастарханға қандай еңбекпен қалай келетіндігін айтып, еңбек адамдарын сыйлай білуге, нанды үнемдей білуге тәрбиелеу.







