Рухани жаңғыру – ой-сананың жаңғыруы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхананың ұйымдастыруымен №5 мектеп лицейінің 7 сынып оқушылары қатысуымен «Рухани жаңғыру – ой-сананың жаңғыруы» атты танымдық сағат өткізілді. Елбасының бағдарламалық мақаласындағы халқымыздың тарихи санасын қалыптастырудың басым бағыттары жайлы мектептің ұстазы, тәлімгер Рспанбетова Ұлжан айтып, оқушыларға еліміз үшін бұл бағдарламаның маңызы зор екеніне тоқталды. Кітапханашы Асқарова Назерке бүгінгі жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар, өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи, мәдени бай мұраларынан нәр алып, бәсекеге кабілетті ел болуға тәрбиелеу туралы видеослайдпен таныстырды.







