Дарабоз батыр-Қаракерей Қабанбай

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада  «Парасат жолы» жобасы аясында Қызылорда облысы  бойынша  Қылмыстық атқару департаментінің қызметкерлері және Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен  ұлтымыздың  асқақ тұлғасы, қолбасшы, батыр, мемлекет қайраткері  Қаракерей  Қабанбай батырдың 330-жылдығына  орай «Дарабоз батыр-Қаракерей Қабанбай» атты тарихи -танымдық кеш  болып өтті.                          Шара барысында кеш қонағы №7 мектеп-лицейінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азамат Алдабергенұлы, қазақ халқының жоңғар басқыншыларына  қарсы күресінде   атамекен жері үшін, ар – намысы үшін аянбай күрескен   ержүрек  қолбасшылардың ең көрнектілерінің бірі  Қаракерей Қабанбай батырымыз жайлы айтса,    Ахмет Байтұрсынов атындағы  №211 мектеп кітапханасның меңгерушісі Асел Болатқызы халық аузында сақталып,  қағаз бетіне түсіп біздің заманымызға жеткен, жыр, әңгімелері жайлы  қысқаша айтты.
   Шара   ұлтымыздың азаттығы жолындағы   осындай тарихи тұлғалардың  жанқияр ерлік істері бүгінгі ұрпақ,  біздер үшін қайталанбас  үлгі, тәлімді  тәрбие, халқымыздың бай мұрасы  деген тұжырыммен   қорытындыланды.

10 ақпан 2022 ж. 838

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам