Білім кілті - кітапхана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1кітапхана 2022-Балалар жылына орай Парасат жобасы аясында №11 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары қатысуымен «Білім кілті - кітапхана» кітапханаға экскурсия саяхат өткізді.
Шара барысында балалар кітапхана тарихымен, кітап қорымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, «Балалар –біздің болашағымыз», «Әдеби жылнама» «Өнер тарландары өмірінен» атты көрмелерімен, танымдық әдебиеттермен, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялармен танысты.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру .Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. Отандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.







