Дарабоз батыр- Қаракерей Қабанбай

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапханасында   Қазақ халқының талантты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай "Дарабоз батыр- Қаракерей Қабанбай" атты тарихи- танымдық кеш өткізілді.  
   Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай,  Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. 
    Шара барында батырдың өнегелі өмір жолы айтылып, жас оқырмандар естеліктер айтты.

10 ақпан 2022 ж. 386

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам