№10 Қараөзек ауылдық кітапханасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапханасы ауыл орталығындағы ауруханада кітап қорына жаңадан түскен әдебиеттер таныстырылымын өткізді. Адам жанының арашасы ақ халатты жандар үшін жаңа қызықты кітаптармен танысып рухани сусындау тосын жаңалық болды. Медицина қызметкерлері «Ұрпағына ұран болған аналар», А.Өмірбаевтың «Жас жүрек» т.б. бірнеше кітаптарды жаздырып үйге оқуға алып, кітап оқуға деген ерекше қызығушылықтарын білдірді.







