Ауғанның асуында от кешкендер
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхана 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Парасат жолы» аясында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырды. Шара бір минут үнсіздікпен басталып, кеш қонақтары Ауған соғысы ардагерлері Отаров Еркін Жарылқапұлы, Сәулебек Алмабек Дүйсенбекұлы, Сыздықов Қуанышбек соғыс даласынан, қазақ жауынгерлерінің жанкешті ерліктері туралы естеліктер айтты.
А.Берікқызы ардагерлерге арнау өлеңін, кітапхана оқырмандары патриоттық өлең жолдарын оқыды. И.Рагимов «Қазақ елі» әнін орындаса, Қазанғап атындағы колледж студенті А.Орынбасарқызы «Өсиет» термесі мен халық әні «Ақерке» домбырамен шырқады. №253 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Р.Абдраманова Рыскүль қысқаша баяндама оқып, Оқушылар сарайының қосымша білім беру педогогы Садықова Айгул ауған соғысы жайлы «Ауған ақиқаты» атты слайд көрсетті.
Шараның мақсаты: оқырмандарға Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.







