Пошташы бізге не әкелді?
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Ақжарма ауылдық кітапханасында кітапханаға қорындағы мерзімді басылымдармен таныстыру, насихаттау мақсатында "Пошташы бізге не әкелді?" атты шолу презентация ұйымдастырылды. Шарада кітапхана оқырмандарына мерзімдік басылымдар беттеріне жарияланған мақалалардан бейнеақпарат жолданды. Бүгінгі бейнебаяннан оқырмандар газет, журналдардан қызықты ақпараттар мен мағлұматтар алды. Қызықтырған ақпарат көздерін оқырман кітапханаға келіп оқи алатынын айта отырып, мерзімді басылымдар оқуды дағдыға айналдыруға шақырамыз.







