Базар жыраудың әдеби мұрасы

      Қалалық  оралықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында Сыр сүлейі - Базар  Оңдасұлының 180 жылдығына орай «Базар жыраудың әдеби мұрасы» атты ауызша журнал № 136 мектеп оқушылары арасында өткізілді.
      Базар Оңдасұлы – Сыр сүлейлерінің көшін бастап кеткен даңғайыр жырау, саңлақ суреткер. Сыр бойының жыраулары мен шайырлары Базар жырауды көзі тірісінде-ақ өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін  ұстанған. С. Сейфуллин «Бұқар жыраудан кейінгі қазақтың ірі жырауы – Базар жырау» десе, М. Жұмабаев «Асса елдің қамын ойлаған, қаласа өзінің ойына терең бойлаған» - деп Базар жыраудың ақындық қарым-қабілетін жоғары бағалайды. 
      Шара барысында оқырмандар екі бөлімнен тұратын ауызша журналдан Базар жыраудың өмірбаяны, жыраулық жолға түсуі, оның шығармаларының тақырыптары жайлы мәліметтер алды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Базар жыраудың  өлең-толғаулары, жыр дастандарымен танысты.
Мақсаты: Базар жыраудың әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

14 ақпан 2022 ж. 415

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам