14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күні
Әрбір халықтың кемелдікке келгенін, өркениетті қоғамға қадам басқанын көрсететін қасиетті орын-ол әрине кітапхана. Осы орайда, А.С.Пушкин атындаға орталық кітапханада 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, кітапхананың тұрақты оқырмандары кітапханаға кітап сыйлап, кітапхана қызметкерлерінің де сый-құрметіне бөленді. Бұл мерекенің мақсаты : барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылылық пен мейірімге толы лебіздер айтып,сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Кемелова Райкүл, Таджибаев Николай Александрович және Те Вячеслав Николаевич өздерінің жеке кітапхана қорынан төмендегідей кітаптарды сыйға тартты: Жақсылық Рахматулла «Меңсұлу», Чейз Джеймс Хэдли «Этот путь для Савана», Ник Кворри «Проигравшему- смерть», Абдижамил Нурпеисов «Кровь и пот» , «Әуелбек Қоңыратбаев оқулары» және де басқа кітаптар. Сонымен бірге, акция барысында шараға қатысқан оқырмандарымыз, «Оқы және өзгеге ұсын !» атты Буккроссинг жобасы аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі өздеріне ұнаған кітаптарымен алмасты. Шара нәтижесінде кітап қорына 11 кітап сыйға келді. Бұл мерекенің маңызы бір-бірімізге кітап қана сыйлап қоймай , онымен бірге барлық жақсы лебіз тілектерімізді білдіру.
Барлықтарыңызды бұл күні таныстарыңызға, туыстарыңызға, балаларыңызға, достарыңызға кітап сыйлауға шақырамыз!







