Ерлікті сүйген ел нұрлы!
№20 кітапханада 9 мамыр – Жеңіс күніне орай халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының майдан және тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбектерін ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, тарихымызды тереңнен тануға баулу мақсатында «Ерлікті сүйген ел нұрлы!» атты ерлік сағаты өткізілді. Шарада оқырмандарға Жеңіс күнінің тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып маңызы арта түсетіні және ардақты да аяулы ағаларымыздың ел басына күн туған қастерлі шақта ортақ Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау жолындағы теңдесі жоқ қаһармандық ерліктері жан-жақты айтылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.









