№6 кітапхана
№6 кітапхана «Қамқорлық» бағдарламасы аясында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрғындарына кітапхана қорындағы кітаптарды, мерзімді басылымдарды насихаттау, жаңа әдебиеттермен таныстыру мақсатында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Орталық тұрғындарына Н. Исабаевтың «Өмірге құштарлық», Т. Жармағамбетовтың «Отамалы», С. Елубайдың «Ақ боз үй», М. Жолдасбековтың «Кісілік кітабы», З. Телеуованың «Банкирдің өлімі», С. Аңсатовтың «Айтарым бар», С. Айбергенованың «Тоғысқан тағдырлар», Н. Келимбетовтың «Не хочу терять надежду», С. Сундетовтың «Жду тебя, Дидар!», К. Жумадиловтың «Земля отцов», О. Яшкурованың «Жизнь без прикрас» және т.б. кітаптармен, мерзімді басылымдар («Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Жалын», «Денсаулық») оқуға ұсынылды. Кітапханаға жаңадан бес оқырман тіркеліп, карантин тәртібіне сай оқырман формулярына кітаптар жазылып берілді.







