100 жаңа кітап
Адам өмірінің бірден-бір маңызды бөлігі – кітап. Кітап адам өмірінің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Осы орайда Ақжарма ауылдық №9 кітапханада №218 мектеп кітапханасымен бірлесіп «100 жаңа кітап» «рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жарық көрген Әлемнің 100 жаңа озық деген оқулықтарына библиографиялық шолу өткізілді. Шараның мақсаты: Тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация ғылымдарын жайлы әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде білім алуға тәрбиелеу. Әлемнің озық деген оқулықтарын насихаттау арқылы білім, ғылым саласындағы озық ойды жастардың санасына сіңіп, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ойлай алатын, бәсекелесе білетін ұлтты қалыптастыруға ықпал ету.







