Тұлғалар тағылымы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында   Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы» атты кітабына онлайн шолуын ұсынады.
   Ақын Әділғазы Қайырбеков «Тұлғалар тағылымы» атты кітабын көп жылдар бойы Алматыдағы «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінде» қызмет істей жүріп жазған. Кітапқа қазақ әдебиетінің қос клас¬сигі, өмірде де, өнерде де жұп¬тары жазылмаған жазу¬шылардың ғұмы¬ры мен шығар¬машылығы, өскен ор¬тасы мен қызмет кезеңдері, әдеби мұра¬лары мен музейдегі жәдігерлер, қоға쬬дық-әлеуметтік, азаматтық-қала쬬герлік тұлғалары жан-жақты арқау болған. «Шәкәрім қажының Сәбеңе хаты», «Михаил Шолохов пен Сәбит Мұқанов», «Зар-мұңымды ұққан Затаевич», «Кенекең мен Сәбең», «Ғабеңнің тағдырлы төрт хаты», «Ғажайып Ғабең», «Шоқан шық¬қан шың», «Жамбыл-жырдың жанашырлары», «Батырлар жыры бауырластырған С.Мұқанов пен М.Ғабдуллин», «Ботагөз – Гүлфайрус», «Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов: шы¬ғар¬машылық байланыстар», т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар, эсселер, ой-толғамдар, сыр-сұхбаттар негізгі тақырып – Сәбең сыры мен Ғабең ғибратына үйіріп алып келіп отырады. Автор әдебиеттің қос алыбының музейлеріндегі қарапайым жәді-герлерден, сар¬ғайған хаттар мен көне фотосуреттерден көл-көсір әңгіме өрбітіп әкетеді. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ел анасы атанған Мәриям Мұқанкелінінің сүйікті жары туралы, ел мен жер, әдебиет пен әлеумет туралы ағытқан сырлары да қымбат. Кітап әдебиет әлеміне ынтызар, көркем туынды табиғатына, қаламгерлердің өскен ортасы мен өмірдегі тыныс-тіршілігін білмекке құмар қалың оқырман қауымға арналған.

16 ақпан 2022 ж. 636

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам