Сыр сүлейі – Әлшекей

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананада  «Парасат жолы» жобасы аясында, жерлесіміз, композитор,  дарынды күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына орай  «Сыр сүлейі – Әлшекей» атты танымдық сағат өтті. 
   Шараға арнайы  «Сыр сүлейі – Әлшекей» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Айжан Болатқызы «Толқын», «Жаяу кербез», «Аққу кеткен» деген тамаша күйлерінің шығу тарихымен,  көрмедегі сан ғасырлық күй тарихының мазмұны баяндалған «Қазақ күйлерінің тарихы» , Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері», толымды еңбектер қатарына жататын  «Сыр елі» энциклопедиялық анықтамасы  және де Әлшекейдің бірнеше шығармалары оқырмандарға таныстырды.   
   Шара барысында, оқырмандар Әлшекей күйші жайлы көптеген ақпараттар алып, күйшінің ұлы Абаймен замандас болып, Кеңес өкіметінің зобалаңын бастан кешкен, қуғынға ұшырап жер ауып кеткені жайлы мәліметтермен таныс болды. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан қасиетті өнерін өрістете түсуге сүбелі үлес қосып, кезінде өзінің тамаша туындыларымен, жақсы орындаушылық шеберлігімен жұртшылықты тәнті еткен дарын, дәулескер күйші – Әлшекей Бектібайұлының өнері  келер ұрпаққа «Мәдени мұра» болып қала бермек.
Шараның мақсаты : Ұлттық құндылығы мол Әлшекей бабамыздың ¬туындыларын келер ұрпаққа кеңінен насихаттап,  рухани тынысымызды одан әрі кеңіте түсетін баға жетпес күйлерімізді халық арасына кеңінен насихаттап, кітапханаға оқырман тарту.

 
17 ақпан 2022 ж. 829

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам