Күйдің сырын шерткен

   Сыр бойындағы жыршы – жыраулық дәстүр мен күйшілік дәстүрдің тек- тамыры арғы ғасырлармен сабақтасып жатқаны күмән тудырмайды. Ғасырларды көктей өтіп жеткен сол үлы дәстүрдің Сыр бойындағы ең жарқын тұлғаларының бірі Бектібайұлы Әлшекейдің өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында «Парасат жолы» жобасы аясында Қалалық  кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Күйдің сырын шерткен» Күйші Бектібайұлы Әлшекейдің – 175 жылдығына арналған өнер кеші өткізілді. 
   Шара барысында  композитор -  күйші Бектібайұлы Әлшекейдің шығарған «Терісқақпай», «Отарба», «Толқын», «Адасқан қыз», «Аққу кеткен» тағыда басқа күйлерінің шығу тарихы мен мазмұны таныстырылып, Ютуб каналы арқылы күйшінің шығармалары тыңдалды. Сонымен қатар С.Майқанова атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған, Жүнісова Айнұр жетекшілік ететін «Жас өркен» домбыра үйірмесінің мүшелері Рахманұлы Рахат пен Ержан Рамазан   «Бәйге», «Отарба» атты күйін өз нақышына келтіре орындады. Көптеген халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер берілген,белгілі ғалым зерттеуш Ақселеу Сейдімбектің күй өнері туралы жүргізген кешенді зерттеулері енгізілген  «Қазақтың кұй өнері» атты монографиясы оқырмандарға ұсынылды.

 
17 ақпан 2022 ж. 396

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам