Ұлы дала тарихы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Махамбетов ауылдық кітапханасы 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің 105 жылдығына орай «Ұлы дала тарихы» атты виртуалды кітап көрмесін оқырман назарына ұсынады.
Ақпан көтерілісі - 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан көтерілісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы - республика құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан көтерілісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемл. Думаның шешімімен құрылған Уакытша үкімет қазақ халқының 1916 ж. өзін- өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан көтерілісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды.







