Ерлік ұрпаққа мұра
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Махамбетов ауылдық кітапханасы Мәдениет үйімен бірлесе отырып "Ерлік ұрпаққа мұра" атты Ауған соғысы ардагерімен кездесу кеші өткізілді.
Шараға Ауған жерінде соғыс өртін көзбен көріп ерліктің еңсе туын жықпай елге оралған ұлтымыздың ақберені Қошанов Мергенбай қатысып соғыс жылдарында өзінің басынан өткізген қиыншылықтарын, ұрпаққа үлгі болар тағылымды әңгімелер айтты. Шара барысында Мәдениет Үйі өнерпазы Нұрғали Еркеғали әнмен шашу шашып, «Жас дарын» көркем сөз үйірмесінің оқушылары патриоттық сезіммен өз өлең шумақтарын тарту етті. Кеш қонақтарына кітіп сыйға тартылды.
Шара мақсаты: жастарды Отанды сүюге, өз елін, жерін қорғауға, патриоттық сезімін оятып, азаматтық борышын қалыптастыруға ықпал ету.







