Мен оқыған кітап
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапханада 2022- балалар жылына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Мен оқыған кітап» атты оқырман бенефисі №2 «Абай атындағы дарынды» балалар мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Шараның басты кейіпкері /бенефицианты/ - кітапхананың белсенді оқырманы, зейнеткер ұстаз Қазанғапова Қанайым болды. Оқырман Қазанғапова Қанайым жас оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы туралы айтып, көрнекті жазушымыз Молдахмет Қаназдың өмірбаяны мен шығармаларын ерекше әңгімеледі. Жазушының балаларға арналған «Чика – Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры» , Жанқожа батыр ерлігі туралы шығармаларын тәрбиелік терең мазмұнымен әңгімелеп берді. Сонымен қатар М. Әуезовтың Абай жолы романындағы Зере әжеміздің тәрбиесіне кеңінен тоқталды. Ұлағтты ұстаз Қазанғапова Қанайым шара соңында мектеп кітапханасына өзінің арнайы алып келген кітабын сыйға тартып, балаларды кітап оқуға шақырды.
Жазушы Молдахмет Қаназдың өмірбаяны мен шығармаларына арнлған слайд көрсетіліп, 2022-Балалар жылына орай әдебиеттер кеңінен таныстырылып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятты.







