Ұранды елдің – ұрпағы қайсар
№13 балалар кітапханасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әдеби оқу өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар ақындардың Отанын, жерін қорғаған қазақ батырлары жайлы өлең-жырларын жатқа оқып, патриоттық әндер шырқады. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша оқуға әдебиеттер ұсынылды.








