Киіз үй – ата -бабадан қалған құндылық
Қазаққа ғасырлар бойы құтты баспана болған киіз үйді, ата- бабаларымыздың тұрмыс-салтын насихаттау мақсатында №4 кітапхана «Киіз үй – ата -бабадан қалған құндылық»атты онлайн шолуын ұсынады.
Киіз үй – халқымыздың ең алғашқы сәулеттік құрылысы. Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үйі. Оның жалпы салмағы – жабдықтарымен қосқанда 300-400 келі. Кезінде киіз үйді бір түйеге артып, жаңа қонысқа көшкен.Ежелден киіз үй жасау ата кәсібіміз болған. Киіз үйді жасау мен құру өнерін ЮНЕСКО ұйымы мәдени мұралар тізіміне қосқан.







