Ұлтты сүю әдебиеттен басталады
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында белгілі жазушы-драматург, филология ғылымының кандидаты, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлтты сүю әдебиеттен басталады» атты онлайн әдеби шолуды оқырман назарына ұсынады.
Шолу барысында қаламгердің "Біздің команда", "Күн тәртібі", "Жетім жұлдыздар", "Сұлтанбек Қожанұлы", "Нәзір Төреқұлұлы", "Найзашың", "Әуезовке қайта оралу", "Қызыр қонған Түркістан", "Сұлуды сүю", "Қасиетті мекендегі қала", "Ахмед Яссауи қаласы", "Әзірет Сұлтан аңызы", "Зов свободы" секілді кітаптардың және бірнеше драмалық шығармалары таныстырылды.
Көркем сөз – халықтың рухани қазынасы. Ой маржандарын кестелеген әрбір суреткер өз шығармасында халықтық тілді пайдалану, орнымен қолдану жағынан алып қарағанда бір-біріне ұқсамайтын, әрқилы болып келеді. Ол ерекшелік – жазушының өзіндік тіл өрнегі мен сөз саптау, сөзбен сурет сала білу шеберліктерімен үндес келіп, қаламгердің шығармашылық қолтаңбасын қалыптастырады. Еңбектері бүгінгі оқырман қауымға етене таныс, белгілі жазушы-драматург, филология ғылымының кандидаты, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы бірнеше жылдардан бері мемлекеттік қызметпен қатар, шығармашылық жұмыстармен де белсенді айналысып, оқушысына тың дүниелер ұсынып келеді.







