Балалар әдебиеті жанрының шебері

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапханасында 2022-Балалар жылына орай,  «Парасат жолы»  жобасы аясында   белгілі балалар ақыны Ескен Елубаевтің  туғанына 80 жылдық мерейтойына   «Балалар әдебиеті жанрының шебері»  атты  әдеби оқу өткізілді. 
    Ақын, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаев қырықтан астам кiтаптардың авторы. Сол кiтаптарының ең негiзгiлерi де балаларға арналған. 
    Шара барысында   Ж.Аян,  М.Бахтиярова  ақынның өлеңдерін,  және  бір топ жас оқырмандар   "Қырғыннан қалған қарлығаш " атты аңыз ертегісін  мәнерлеп  оқыды.   Шара соңынан  ақынның  шығармасы желісі бойынша  түсірілген   "Саған күшік керекпе? "  атты көркем фильмді тамашалады.  Ақынның өнегелі өмір жолы, балаларға арналған әдебиеттері кеңінен таныстырылды.

21 ақпан 2022 ж. 695

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам