Қолөнер ұлттық құндылық

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында «Қолөнер ұлттық құндылық» атты шеберлік сағаты №197 мектептің көркем еңбек пәнінің педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімі Ұлбосын Жұмабекованың  және шәкірттерінің қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілді. Ұлттық қолданбалы өнердің халықпен бірге жасасып келе жатқаны тарихи шындық.       ХV- ХХ ғасырлар аралығы қазақ халқының қолөнер кәсібінің дамыған заманы болды. Ұлттық оюлар, өрнек салу, кесте тігу, тоқыма тоқу, зергерлік көркемөнер әбден дамып атадан балаға дарыды. Бабалардан мұра болып  қалған киіз  үйлері де өз алдына бір өнер туындысы. Төрт түліктің терісінен тігілген тонның өзі бірнеше түрлі: қамқа тон,жарғақ тон,ішік т.б. кәмшәт бөрік, тымақ, кимешек, міне осылардың бәрі қазақ шеберлерінің қиялынан туған қолөнер – ұлттық құндылықтарымыз. Осы тақырыпта шараға қатысушы №197 мектептің 8 сынып оқушы жастарына кеңінен әңгімелеп, шеберлік сағаты көрсетілді.  
    Шараның мақсаты:  Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жастарды отаншылдыққа баулу.

22 ақпан 2022 ж. 899

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам