Жыр жазамын жүрегіммен
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Ақжарма ауылдық кітапханасында жергілікті ақын Қомшабай Сүйенішовтың 85 жылдығына орай «Жыр жазамын жүрегіммен» атты поэзия сағаты өткізілді. Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған емес. Поэзия әлеміне тереңірек үңілсек қазақ халқының арман—мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған. Шара барысында ақынның көкейінен туған халқы, туған жері, туған тілі туралы өлеңдерін кітапхананың жас оқырмандары С.Әуезхан, Ж.Амангелді, Г.Рысбек, Б.Жәнібек «Ақ бүршікте мөлтілдейді таңғы шық» , «Сынаптай дүние жылатпай», «Сабыр, сабыр», «Достым», «Ақындарым -ай», «Туған жер», өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында «Жыр жазамын жүрегіммен» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, шығармалары оқуға ұсынылды. Шараның мақсаты: Оқушыларға поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу.







