Ерте сөнген жұлдыздай

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында  қазақ жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өнегелі өмір жолын насихаттау мақсатында жазушы А.Хангелдиннің «Ғанидың жұлдызы» атты кітабы бойынша талдау  өтті. Шара барысында жазушының шығармашылығымен қатар  Ғани Мұратбаевтың  табандылықпен, қайсарлылықпен  атқарған парасатты істері, саналы өмір жолы кітап желісі бойынша айтылды. Жас оқырмандар  «Ғанидай бола аламыз ба?», «Ғанидың оқыған кітаптары» т.б. сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салса,  А.Алмасбай  кітаптан алған әсерін айтып, кітап  қызу талқыланды.  
    Жас оқырмандарды  ұлттық рухта, елжандылыққа,  отанын қорғайтын, қадірлеп-қастерлейтін азаматтар ретінде тәрбиелеуге ықпал ету мақсатындағы шара  Ғани  Мұратбаев – қазақ жастары  үшін  нағыз ұлт жанашыры, үлгі-өнеге, озық ойлы тұлға деген ортақ пікірде қорытындыланды. 
    Ғани Мұратбаев – Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі. Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел-жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаев халықты ізіне еріте  білді. Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен-тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.

    
23 ақпан 2022 ж. 261

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам