Жер кіндігі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында қазақтың көрнекті қаламгер жазушысы Молдахмет Қаназовтың - 80 жылдығына орай «Жер кіндігі» атты повесінен оқырмандар конференциясын ұсынады.
Жазушы Молдахмет Қаназовтың «Жер кіндігі» повесті оқуға жеңіл, тілі шұрайлы, кейіпкерлердің бәріде өмірден алынған шығарма. Повесть бір жағынан туған жер жайлы, екінші жағынан отбасылық құндылықтарды сипаттаған. Повесттегі басты кейіпкер Таңат Есіркегенов көркем сурет учелищесін бітіріп, кіндік қаны тамған туған ауылынан еңбек жолын бастайды. Туған ауылынан бала кезінде кетіп, анасы армандаған, әкесінің маңдай тері сіңген туған жерге оралып, еңбек еткен Таңат есімді жас жігіттің бүкіл өмірі сипатталған.
Анасының «Жат бауыр, тік бақай болып кетпесең нетті» – деп, айтқан сөзі есінде қалып, ана арманын орындауын өзіне парыз санаған.
Оқушылардың сурет салуға деген ынтасын арттыру үшін, үйірме ашып, сурет салуға икемі бар балалардан топ құрып, бар ынтасымен жұмысқа кірісіп, талантты шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Жазушының «Жер кіндігі» повесін оқыған кітапхананың белсенді оқырмандары №176 мектептің 9 сынып оқушылары Балтабай Дильназ, Асылбекқызы Шахназ повесть бойынша өз ойларын оқырмандарға жеткізе білді.
Мақсаты: Молдахмет Қаназовтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау арқылы, жастардың кітап оқуға деген қызықшылығын арттыру.







