Балалар бағының бағбаны
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 қалалық кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында Балалар жылына орай балалар ақыны Ескен Елубаевтың 80 жылдығына «Балалар бағының бағбаны» атты онлайн әдеби оқуды оқырмандар назарына ұсынады.
Балалар әдебиетінен, оның ішінде балалар поэзиясынан бақытын тапқан ақындардың бірі – Ескен Елубаев. Ол 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. Он бес жасынан өлең жаза бастаған ақынның ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Ескен Елубаев қырықтан астам кітаптардың авторы. Кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолдары мен шығармышылығына тоқталып, кітапхана оқырмандары А. Жақсымұратова, К. Мұртаза, Е. Шайханбек, І. Бақытова, А. Теміржан ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Е. Елубаевтың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттап, жас оқырмандарды кітап оқуға баулу.







