Балалар әдебиеті – ұлт болашағы

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында Балалар жылына арналған балаларды кішіпейілділікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелейтін, ойлау қабілеттерін арттыратын, ой-өрістерін дамытатын балалар әдебиетімен таныстыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты әдеби мозайка өткізілді. 
  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жаңажылдық құттықтауында «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» - деген болатын.
  Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Адамзат баласының өмірге деген көзқарасы, талғамы да балалар әдебиетімен басталып, ұштасып, қалыптасады. Яғни балалар әдебиеті – барша әдебиеттің баспалдағы. Биылғы Балалар жылы өткен жылғы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылының заңды жалғасы десек те болады. 
Аталмыш іс-шараға №7 мектеп-лицей мен К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп оқушылары қатысты. Олар алдымен кітапханаға саяхат жасап, кітапхана жұмысымен, кітап қорымен, кітап көрмелерімен, «Коворкинг» орталығымен танысты. Жас оқырмандар кітап сөрелеріндегі кітаптарды зор қызығушылықпен алып оқып, кітап, оқу-білім жайлы нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді айтып, жұмбақтар шешті. А. Құнанбаевтың, Ы. Алтынсаринның, М. Мақатаевтың, М. Әлімбаевтың, Е. Елубаевтың, С. Қалиұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шара соңында сергіту уақыты белгіленіп балалар дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ ойындарын ойнап, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісті.

   
25 ақпан 2022 ж. 936

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам