» » Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді

Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді» атты дөнгелек үстел  Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Өнер бөлімі студенттері, әлемдік денгейдегі спорт жүлдегерлері, М.Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінің белсенді студенттері, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық механикалық жоғары колледжінің  студентері сонымен бірге, Абай атындағы үш тілді дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары қатысуымен «Жастар орталығында» өткізілді. 
   Шара қонақтары Облыстық «Рухани жанғыру» орталығының директоры Мақсат Дауылбай,  «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова жастарға жетістікке жету жолында үлкен еңбек пен білім керектігі жайлы мағыналы әңгімелер  айтса,  шараға қатысушы білім озаттары, өнерпаз, озық ойлы жастар болашақтағы арман-мақсаттарын, жоспарларын айтып,  жаңарған қоғамдағы қазақ жастары қандай болу керек, болашақта менің қай салада бағым жанады  деген сауал төңірегінде  ойларын ортаға салды.  
Спорт саласында  жетістікке жеткен ҚР  дзюдодан қола жүлдегері,  турнирлер жеңімпазы, ҚР  спорт шеберіне үміткер Ишанбек Мағжан,   халықаралық 15-ші турнирдің қола жүлдегері Ильяс Айбек, Амир Бақытжанұлы т.б дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде қатысып, ойларымен бөлісті. 
   Жастарды білімде, еңбекте бәсекеге қабілеті адами қасиеті қалыптасқан ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету мақсатындағы дөңгелек үстел  жастардың жетістігі бұл еліміздің қоғамның жетістігі, елімізді гүлдендіру,   мәңгілік ел болу жолында аянбай еңбек ету біздің қасиетті борышымыз,  ұрпақ  алдындағы  міндетіміз деген  тұжырыммен шара қорытындыланды. 
«Мен жастарға сенемін» - деп,  ақын М. Жұмабаев айтып кеткендей қай уақытта да, қай елде де қоғамның қозғаушы күші жастар екені белгілі. Жастар  қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің дамуы, жалпы бүгіні мен ертеңі жастарға байланысты. Жастар – болашақтың жарқын айнасы іспеттес.
     


25 ақпан 2022 ж. 743

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам