Дін және қазіргі әлем

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №7 кітапханада «Дін және қазіргі әлем» дөңгелек үстел ауыл тұрғындары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысуымен өткізілді. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға,  қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу мақсатындағы шара барысында  ауылдың ақсақалдар төрағасы  Досмахан Аманкелді, ардагер Бейісов Ораз, алтын алқа иегері Шөменова Күлзия апай   теріс бағыттағы діни ағымдар мен жат қылықтар туралы,  Ислам дінінің мақсаттары негізгі бағыттары туралы айтты. Қазақтың ұрпақ тәрбиесіндегі озық үлгілері, оларды адалдыққа, адамгершілікке, имандылыққа  тәрбиелеу  керектігі  баса айтылып, ұлтымызға  саналы да салиқалы, білімді  де парасатты ұрпақты  нәсіп етсін деген  игі тілекпен шара қорытындыланды.

25 ақпан 2022 ж. 671

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам