» » Бірлік пен алғыс – мемлекеттің игілігі

Бірлік пен алғыс – мемлекеттің игілігі

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай  өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен сыйластыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Бірлік пен алғыс – мемлекеттің игілігі» атты онлайн танымдық әңгімені ұсынады. 
   Биыл Қазақстан халқы жетінші жыл қатарынан атап өтетін көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Бұл күн - терең тарихымызға құрмет көрсетіп, келешек ұрпақты достық пен бейбітшілік аясындағы дәстүрді жалғастыруға үндейтін, қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. 
   Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғым бар. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай, балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл – үлкен тәрбие. Алғыс айту үшін арнайы жағдайды күту шарт емес. Мүмкіндік болып жатса, жақсы сөз айтудан жалтарып қалмау керек. Бұл – алдымен әдептіліктің белгісі. Жақындарыңызға, айналаңызға ризашылық білдірудің тиімді әдісі. Көңілді жадыратып, жақсылыққа жетелейтін даналық сөз. Ендеше, өмірде тыныштықтан асқан байлық та, бақыт та жоқ. «Өміріңді ұзартқың келсе, біреуге жақсылық жаса» деген де сөз бар. Ендеше, қыстан аман-есен шығып, көктемнің күнімен қауышқан шақта бір-бірімізге алғыс айтып, жағдай сұраса білейік! 
   Бейнеролик барысында адамдардың бір-біріне құрметі мен қадір-қасиетін арттыратын, ел ынтымағы мен ауызбіршілігін сақтайтын  мереке жайлы ақпараттар айтылды.



01 наурыз 2022 ж. 320

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам