Шын жүректен мың алғыс

   1 Наурыз – Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту күні Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпы ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астына  топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының және  бұл, ең алдымен  елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен  келісім саясатының салтанатты күні.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана  1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай  «Шын жүректен мың алғыс» атты мерекелік  кешті мәдениет қызметкерлері мен ардагерлердің, белсенді оқырмандар қатысуымен өткізді. 
    Шараны С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің директоры Т.Жанахметова кіріспе сөзбен ашып, Алғыс айту күнінің саяси маңыздылығын  айта отырып, мерекемен құттықтады. 
    Кеш барысында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері   А.Таңатаров, М.Маханбетжанов   Жарасхан Төлебаевтің  «Алғыс»  әнін,  Н.Марат   «Мен Қазақпын», Т.Өтегенова «Жеңешай»  халық әндерін орындады. 
Тасбөгет кентінің ақсақалдар төрағасының орынбасары, қоғамдық кеңес мүшесі О.Тобағабылов келелі әңгімелер айтып, Алғыс айту күнінің мағынасын ашып түсіндіре отырып, халқымыздың тыныштығын, еліміздің амандығын тілесе, С.Майқанова жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі  «Ой бұраң бел» халық әнін орындады. 
    «Болашақ» жоғарғы  медицина  колледж  студенттері «Орыс бен Өзбек айтысы» тақырыбында қойылым көрсетіп, №1 қалалық кітапхананың кітапханашысы А.Тайлыбаева «Тренинг ойын» бағдарламасын  өткізді.
     Бейнепроектор экран арқылы  кеш тақырыбы  жазылып  видео, фото, слайдтар көрсетіліп, кең көлемді кітап көрмесі бойынша  әдебиеттерге шолу  жасалды.

   
01 наурыз 2022 ж. 286

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам