Желбіресін Жеңіс туы мәңгілік
Ақжарма ауылдық №9 кітапхана мен клуб қызметкерлері ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай «Желбіресін Жеңіс туы мәңгілікә» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында қазақ батырларын бейнелеген бірнеше көріністер көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды. Ұлы Отан соғысы жайлы жастарға көптеген мәліметтер айтылып, жас оқырмандар соғыс, жеңіс тақырыбындағы ақын жырларын тебірене жатқа оқыды. Ерлікті үлгі ету арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатындағы шараның маңызы зор болды.







