Бірге кітап оқимыз
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында 2022-Балалар жылына орай «Бірге кітап оқимыз»-атты кітап талдауы №211 мектеп оқушылары қатысуымен ұйымдастырылды.Кітап рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің,арқалы ойдың қоймасы.Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Жас оқырмандар әрбір қазақ оқуға тиіс, қазақ жазушыларының ең үздік-«100 кітап» жобасынан оқыған кітаптары туралы айтт. 5«б» сынып оқушысы Р.Асылбек Ы.Алтынсариннің «Атымтай жомарт», 7«а» сынып оқушысы Ә.Бауыржанқызы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе», А.Саруарқызы, Г.Серікбай Б.Соқпақбаев шығармаларын мәнді етіп жеткізіп, оқыған кітаптары туралы пікірлерін ортаға салды.







