Алғыс айту парызым
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхана «парасат жолы» жобасы аясында 1 – наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» атты таным сағатын оқырман назарына ұсынады.
Алғыс айту күні бұл ең алдымен елімізде тыныштықпен, үндестік, өзара сенімділікпен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, бірлік туын көтергендердің, Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруі. Мерекенің басты мақсаттарының брі өскелең ұрпақты достық, бір – біріне деген құрметпен, толеранттылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанда этникааралық келісіммен ұлт аралық қарым-қатынасты нығайту.







