Балаларға базарлық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапханада 2022 - Балалар жылына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында «Балаларға базарлық» атты хабарлама сағаты болып өтті.
Жас оқырмандар кітапхана қорына жаңадан келіп түскен жаңа әдебиеттермен, кітап көрмелерімен таныса отырып кітапқа деген қызығушылық танытты. Кітапханаға оқырман ретінде тіркеліп, А.Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі», Б.Қарағызұлының «Ұлы даланың ұлылары», Н.Айтұлының «Саяхатшы шыбын» атты және т.б. кітаптарды үйге оқуға алды.
Шараның мақсаты: Кітап-адам өмірінің бірден-бір маңызды бөлігі, адам өмірінің қалыптасуына үлкен әсер ететінін айта отырып, балаларды кітап оқуға баулып, ойлау қабілеттерін арттыратын, ой-өрістерін дамытатын балалар әдебиетімен таныстыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.







