Аналар тақырыбын толғаған жазушы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапханасы қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын насихаттау мақсатында «Аналар тақырыбын толғаған жазушы» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармалары кеңінен таныстырылып, шолу жасалды.
Жазушының «Ананың анасы» әңгімесін А.Қуаныш, «Ер ана» әңгімесін А.Исабек, «Ашынған ана» әңгімесін М.Маратқызы, «Ақлима» әңгімесін Н.Кеңес, «Өлімді жеңген анаә әңгімесін М.Сексенбай т.б кітапхананың белсенді оқырмандары айтып, талқылады.







