Болашақ баламен көрікті
Барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы" деп жариялады және де «Балаларға ерекше назар аудару керек екендігін баса назар айтып өтті. Себебі, олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Ал балаларға бақытты балалық шақ сыйлау- баршамыздың міндетіміз!
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана 2022- балалар жылына орай «Болашақ баламен көрікті» атты мерекелік кешті жас бүлдіршіндер қатысуымен өткізді. Тақырыпқа сай әсем безендірілген экраннан «Ертегі Ханшайымының» ертегісі көрсетіліп, жас бүлдіршіндерден құрылған би тобы «Флеш моб» биін орындап балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шараның ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзі Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Алтынбекұлына беріліп, құттықтау сөз сөйледі.
Сыр елі жас өнерпаздарға кенде болмаған . Республикалық көркем сөз жанрының бас жүлде иегері, Болгария, Македония елдерінде өткен вокал жанрындағы байқаудың 1 орны иегері, Облысытқ Бозторғай балалар байқауының 3 орын иегері, Облыстық, қалалық, мәдениет үйлерінде өткен байқаулардың жеңімпазы, кітапханамыздың белсенді оқырманы Дидарқызы Айару өзінің жас достарына ән шашуын арнады.
Ертегі ханшайымы Болатқызы Айжанмен бірге Ертегілер әлеміне саяхат жасалып, ханшайымның ертегі сандықшасынан .... «Байлық пен ақыл» ертегі желісі бойынша көрініс көрсетілді
Келесі кезекті кітапхананың белсенді жас оқырмандары / С. Виолетта, С.Совет, Д.Бекділдә, І.Бекділдә , Е.Ермекбаев қазақ ақындарының отан, туған жер, елі туралы өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің отанға деген ерекше сүйіспеншіліктерін білдірді .
Шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылап, балалар үшін игілікті шаралардың жалғасын таба білетіндігін айтты.
Кітапханамыздың отбасылық оқырмандары, Анасы мен баласы Айжан мен Диастың мерекелік шараға сәлемдемесімен қызықты шара мәресіне жетті.







