Алтын- деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Ақжарма ауылдық кітапханасы мәдениет үйімен бірлесіп 1-наурыз Алғыс айту күніне орай ауыл тұрғындарына алғыс айту мақсатында ауыл мен қала аралық №32 қоғамдық көлікте "Алтын- деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы" атты әдеби автобус шарасын ұйымдастырды. Шара барысында Алғыс айту күнінің мағынасы тереңірек айтылып, барша жолаушыларға алғыс жолданды. Кітапхананың белсенді оқырмандары М.Қалданова, Б.Меңліаяқов, М.Ғалымжан өз өнерлерін көрсетіп, ақын жырлары оқылды. Мерекелік шара ауыл орталығында орналасқан наркодиспансер мекемесінде жалғасты.







