Ұрпағына ұлағатын дарытқан

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Өнегелі өмір» жобасы аясында ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан ардақты да аяулы ана Жадыра Торғаеваға арналған «Ұрпағына ұлағатын дарытқан» атты кездесу кеші өткізілді. Тағылымы мен парасатын танытатын, айналасына мейірім шуағын шашып, жан-жағына жылылық танытып жүрген кейіпкеріміз Жадыра Торғаева 1940 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. Зейнеткерлікке шыққанша сауда саласында қызмет атқарған. Батыр ана орденінің, бірнеше медальдардың иесі. Ауылдың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, жергілікті атқару комитетінің депутаты болған. Жадыра анамыз 5 ұл, 5 қызды дүниеге әкелген абзал ана, 20 шақты немеренің асыл әжесі. Аналар туралы қандай мақтау айтсақ та артық болмайды.  Ардақты ана Жадыра Торғаева он баланы дүниеге әкеліп, әрқайсысын бір-бір маман етіп оқытып-тоқытып жеткізген. Ұл қыздарының ортасында немере-шөберенің қызығына бөленіп отырған абзал ана.  Ардақты ана өзінің өнегелі өмірі жайлы айта келе жас ұрпақ өкілдерін білімді болуға, еңбек етуге шақырып, тағылымы мол ұлағатты лебізін білдірді. Саналы ғұмырын еңбек етуге, отбасына арнаған апамыздың өмір жолы ұрпақтар сабақтастығының жалғасы. Олардың өмір жолдары-бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Кеш барысында  кітапхана оқырманы Тұрсынкүл Қойшыбаева кеш кейіпкері жайлы жылы лебізін білдірсе, №144 мектептің оқушылары  Мануар Дәурішханова мен  Назым Әлімбет қазақ ақын-жазушыларының «Ана» тақырыбындағы өлеңдерін оқып, Мәдениет үйінің «Қуаныш» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.
   Шараның мақсаты: батыр ана Жадыра Торғаеваның өнегелі өмірін жас ұрпақ өкілдеріне насихаттау.
04 наурыз 2022 ж. 339

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам